05.03.2025, 20:29
Жаңалықтар
Жол тәртібін бұзған адамды қуалаймын деп полицейдің өзі мерт болды
Жол апатынан тағы 6 адам жарақаттанды
Фото: Полиция департаменті
Түркістан облысында патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов қызмет бабында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 5 наурызда Жібек-Жолы – Жетісай тас жолында орын алды. Полиция экипажы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген тәртіп бұзушыны қуған кезде апатқа ұшыраған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қанат
Ғабитов оқиға орнында көз жұмды, ал тағы алты адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовмарқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды