$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып алған орман қызметкерлері сотталып кетті

Олар 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді

Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып алған орман қызметкерлері сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулаған орманшылар сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.

Прокуратура мәліметінше, өткен жылдың қыркүйек айында «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды.

«Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары