$ 489.15  533.47  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

S&P агенттігі Қазақстанның несие рейтингін растады

Агенттік мұнайға тәуелсіз сектордың дамуы ел экономикасына оң әсер етіп отырғанын атап өтті

S&P агенттігі Қазақстанның несие рейтингін растады
Фото: depositphotos.com

Халықаралық S&P рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының несие рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, ал болжам «тұрақты» деп белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Агенттік мұнайға тәуелсіз сектордың дамуы, фискалдық тұрақтылық, сыртқы резервтердің жеткілікті деңгейі және сыртқы қарыз көлемінің орташа деңгейде болуы ел экономикасына оң әсер етіп отырғанын атап өтті.

«Болжам бойынша, мұнай өндірісінің артуы, мемлекеттік шығындардың экономика мен әлеуметтік қамтамасыз етуді ынталандыруға бағытталуы 2025 жылы ЖІӨ өсімін 4,9%-ға, ал 2026 жылы 3,4%-ға жеткізуге көмектеседі», — делінген хабарламада.

S&P сарапшылары Қазақстан Ұлттық банкінің инфляцияны тежеу және ақша-несие саясатын тиімді ету шараларын оң бағалады. 2024 жылдың соңына қарай инфляция 8,6%-ға дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар ұлттық валюта тұрақтылығын сақтап, депозиттерді долларсыздандыру процесі жалғасады.

S&P мәлімдемесінде Қазақстанның несие рейтингін көтеру үшін негізгі шарттар аталды:

  • Мұнайға тәуелсіз сектордың дамуын жеделдету
  • Фискалдық шаралардың тиімділігін арттыру
Серіктес жаңалықтары