$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күйеуім барма десе, бармаймын»: танымал блогер әйелдердің күйеуіне бағынғаны дұрыс екенін айтты

Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылардың пікірі екіге бөлінді

«Күйеуім барма десе, бармаймын»: танымал блогер әйелдердің күйеуіне бағынғаны дұрыс екенін айтты
Фото: видеодан скриншот

Белгілі блогер Мерей Әбіл «Momский әңгіме» бағдарламасында әйел адамның күйеуіне бағынуы туралы көзқарасын білдірді. Ол барлық ісінде жұбайымен ақылдасып, оның шешімін бірінші орынға қоятынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Не істесем де күйеуімнен сұраймын. Күйеуіммен ақылдасамын. Егер ол «Олай жасама» десе, жасамаймын. Күйеуімнің пікірі мен үшін ең маңызды», — деді блогер.

Мерей Әбіл тіпті жеке жобаларые бастау алдында да жұбайынан рұқсат сұрайтынын айтты. Блогердің пікірінше, Алла оған күйеуі арқылы белгілі бір нәрсені түсіндіреді. Сондықтан ол жұбайының айтқанына толықтай бағыну – әйелдің міндеті деп есептейді.

«Мысалы, бір проект бастайын деп жатырмын, қалай қарайсың деймін. Жақсы десе, бастаймын, жоқ десе, оған да келісемін. Алла маған күйеуім арқылы бірдеңені түсіндіреді деген ойдамын. Сондықтан күйеуіңе мойынсыну дұрыс. Мысалы, бір жерге бармай-ақ қоясың ау десе, бармаймын. Қарсы шығып, барамын деген менде жоқ. Демек, солай болуы керек», — деді блогер.

Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер блогердің көзқарасын қолдаса, басқалары әйелдің таңдау жасау құқығын қорғау керек екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары