04.02.2025, 23:15
Жаңалықтар
«Құстың еш қатысы жоқ»: Әзербайжан Көлік министрлігі AZAL ұшағы апаты туралы есепке пікір білдірді
Ведомствоның хабарлауынша, алдын ала тергеу есебі ұшақтың құлауына құстың еш қатысы жоқ екенін растады
Фото: ТЖМ
Әзербайжан Республикасының Көлік министрлігі Қазақстан және тергеуге қатысушы басқа елдермен бірге әуе апаты туралы қорытынды есепті дайындау жұмыстарын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның хабарлауынша, алдын ала есепте келесі фактілер расталған:
- Embraer 190-100 IGW жолаушылар ұшағы (тіркеу нөмірі 4K-AZ65), Әзербайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі, Бакуден Грозныйға бағыт алған J2-8243 тұрақты рейсін орындау барысында техникалық тұрғыда толық жарамды болған. Ұшақтың басқару жүйелерінің дұрыс жұмыс істегені FDR (ұшу мәліметтерін тіркеу құрылғысы) деректерімен расталды.
- Қос қозғалтқышта да апатқа дейін ешқандай техникалық ақау болмаған. Бұл да FDR деректерімендәлелденді.
- Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде, оның ішінде Грозный әуежайы үстінде болған кезде, ұшақ GPS сигналынан айырылған.
- Грозныйдағы қолайсыз ауа райына байланысты екінші айналым жасап қону мүмкін болмаған. Осыдан кейін экипаж командирі Бакуге қайта оралу туралы шешім қабылдаған. Дәл осы сәтте CVR (әуе кемесінің дыбыстық жазу құрылғысы) деректерінде 24 секунд интервалмен екі рет сыртқы соққы дыбысы тіркелген.
- CVR және FDR деректерін салыстыру нәтижесінде, бірінші соққыдан кейін 4 секунд өткен соңұшақтың үшінші гидравликалық жүйесі, 6 секундтан кейін – бірінші, 21 секундтан кейін – екінші гидравликалық жүйесі істен шыққан.
- Фюзеляждың артқы бөлігінде, соның ішінде тік және көлденең тұрақтандырғыштарда, сол жақ қанатта және сол жақ қозғалтқышта көптеген тесілген және соққыдан зақымдалған орындар анықталды. Бұл зақымданулар фото және видео материалдар арқылы тіркелген.
- Ұшақ фюзеляжындағы зақымданулар сыртқы объектілердің әсерінен болғаны анықталды. Алдын ала есепте ұшақтың құстармен соқтығысуы туралы ешқандай дерек жоқ.
- Фюзеляждың зақымданған бөліктерінен ұшаққа тиесілі емес бөгде заттар табылып, олар алынып, фото дәлелдері есепте жарияланған. Бұл заттардың нақты қандай объектіге тиесілі екенін анықтау үшін қосымша сараптамалар жүргізіледі.
- 05:13:32-де ұшақтың негізгі басқару жүйелері істен шыққан, ал 05:21:42-де Грозный диспетчеріне «Ковер» операциясы туралы хабар берілген.
- Оттегі баллонының жарылғаны туралы ешқандай дерек тіркелмеген.
Көп оқылған
01.03.2026, 11:39
Ирандағы қазақстандықтар елге қалай оралады
01.03.2026, 10:00
«Бұл жерде өтірік айтуға мүлде болмайды»: Астананың Жылу электр орталығындағы ел білмейтін ауыр жұмыс
01.03.2026, 07:38
1 наурыз – Алғыс айту күні: ризашылық пен бірліктің мерекесі
01.03.2026, 06:26
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты — Reuters
01.03.2026, 07:02
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты хабарласатын «жедел желі» - ҚР СІМ
01.03.2026, 08:02
Наурыз айына ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған