$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс депутаты Семейдегі «Орталық» жылу беру қазандығының жұмысымен танысты

Облыс қайта құрылғанға дейін қаладағы бірқатар жылу қазандығының 80 пайызының тозығы жеткен еді

Мәжіліс депутаты Семейдегі «Орталық» жылу беру қазандығының жұмысымен танысты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілісітегі «АМАNАТ» фракциясының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрғасы Нұртай Сабильянов «Орталық» жылу энергетика орталығының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс қайта құрылғанға дейін қаладағы бірқатар жылу қазандығының 80 пайызының тозығы жеткен еді. Бүгінгі күні жағдай түзеліп келеді.

Депутаттың айтуынша, 2024 жылы республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуіне орай олардың ескіруі 60 пайызға төмендеген. Жылу қазандықтарына қаражаттың бөлінуіне Мәжіліс депутаттары ықпал еткеніне назар аударды.

«Біз бұл жылу энергетика орталығының қызметкерлерімен үнемі кездесіп жүрміз. Осы саладағы проблемаларды жақсы білеміз. Сондықтан оның шешілуіне, бюджеттен қаражат бөлінуіне ықпал етіп, заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетуге атсалысып келеміз. Ең бастысы, бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», – деді Н. Сабильянов.

Жалпы, Семей қаласында жалпы 21 қазандық бар. Соның бірі осы «Орталық» ЖЭҚ 1988 жылы пайдалануға беріліп, іске қосылған. Қазандық тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың және қаладағы 155 көпқабатты үйді жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Өңірге сапары барысында депутат Н.Сабильянов Семей қаласы, Жаңасемей, Бесқарағай, Жарма, Аягөз аудандары мен бірнеше елдімекендерде халықпен кездесіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Тұрғындар көтерген сауалдар мен мәселелерді Парламент қабырғасында қарайтынын, жұмыс жүргізетінін айтты.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмысы былтыр барлық аймақта жүргізілгенін ерекше айтып өткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Мәжіліс #депутат