02.01.2025, 14:57
Жаңалықтар
Ақмола облысында құтқарушылар бір уақытта екі өрт сөндірді
Олар материалдық шығынды барынша азайтты
Фото: ТЖД
Ақмола облысының Қоянды ауылында қатарынан екі өрт оқиғасы болып, құтқарушылар жедел әрекет етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Целиноград ауданының Қоянды ауылында екі жерде өрт шыққан. Біріншісі — жеке тұрғын үйдің шатыры, ал екіншісі — шаруашылық құрылыста болған», — деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына тез арада жетіп, өртті тоқтатты. Олар жалынның ары қарай таралуына жол бермей, материалдық шығынды барынша азайтты.
Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды