29.12.2024, 18:07
Жаңалықтар
Бибісара Асаубаева рапид бойынша әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Ол жарысты төрт жеңіспен және жеті тең ойынмен аяқтады
Фото: gov.kz
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен рапид бойынша әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy SPORT+-ке сілтеме жасап.
«Бибісара Асаубаева 11 турдың қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинап, жарысты төрт жеңіс және жеті тең ойын көрсеткішімен аяқтады. Соңғы турда ол 17-дүниежүзілік чемпион, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең ойнап, оның чемпиондық атақ алу мүмкіндігін жоққа шығарды», — деп жазылған материалда.
Жеңімпаздар тізімі:
- Хампи Конеру — 8,5 ұпай
- Цзюй Вэньцзюнь — 8 ұпай
- Екатерина Лагно — 8 ұпай
Рапид бойынша турнир 26-29 желтоқсан аралығында өтті. Енді шахмат жанкүйерлерін 30 және 31 желтоқсан күндері блиц бойынша жарыстар күтіп тұр.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды