23.12.2024, 21:56
Жаңалықтар
Ақтауда кәсіпорында жұмысшы мерт болды: полиция қылмыстық іс қозғады
Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Порталдың жазуынша, 23 желтоқсанда энергокомбинатта төтенше жағдай орын алған. Нәтижесінде жұмысшы қаза тапты. Алдын ала нұсқа бойынша оған құбыр құлаған. Аймақ полициясы оқиғаның егжей-тегжейін нақтылаған жоқ. Бірақ басылым тәуелсіз дереккөздер арқылы өндірісте жөндеу цехының шебері қаза тапқанын анықтады.
Облыс полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деді облыс полициясы.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды