$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қош келдің өміріме»: күйеуімен ажырасқан әнші Ақботанұр жұртты ойландырып қойды

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдірді

«Қош келдің өміріме»: күйеуімен ажырасқан әнші Ақботанұр жұртты ойландырып қойды
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет Instagram парақшасында жариялаған жазбасымен жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жазбасында өміріне жаңа адам келгенін айтып өткен.

«Қош келдің өміріме. Менің адамым!» - деп жазды Ақботанұр Сейітмағамбет.

Ал әншінің тыңдармандары жазбасының астына түрлі пікірлер білдірді.

«Осы жігіт бағыңды ашсын», «Шын ниетіммен сізге бақыт тіледім! Өміріңіз мәнді де, сәнді болсын!», «Кім болды сонымен, қызық болып тұр. Кім болсада бақыт тілеймін», «Қойшы, Нұрсұлтан Жақсыгенге тие ме деп бәрі уайымдап жүр», «Өміріңізге келген адам, Сізді бақытқа бөлесінші, қолдауын қамқорлығын аямасыншы», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Ақботанұр Сейітмағамбет танымал актер Дәурен Айдарқұловпен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары