$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жастарға жұмыс»: жас кітапханашы жобаның мүмкіндіктері туралы айтты

«Жастарға жұмыс» жобасы – «AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жастарды жұмыспен қамту бойынша бірлескен іс-қимыл кешені

«Жастарға жұмыс»: жас кітапханашы жобаның мүмкіндіктері туралы айтты
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жобасын жүзеге асырып отыр. Жобаның негізгі бағыттарының бірі – бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу. Осы орайда, Семей қаласында жаз айында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жастарға кәсіби тәжірибе жинақтау және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан 28 мекеме 936 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 17 жас маман жұмысқа орналасып, 43 жас адам сұхбаттасуға шақырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жастарға жұмыс» жобасы еліміздің жастарын кәсіптік, еңбек және кәсіпкерлік салада дамытуға бағытталған маңызды бастама болып саналады. Бұл жоба жастарға еңбек нарығына еніп, өз кәсіби жолдарын табуға мүмкіндік беріп, олардың әлеуетін толық ашуға ықпал етеді.

Жәрмеңкеде ұсынылған бос жұмыс орындары арасында өз мамандығы бойынша жұмыс тапқан жас мамандардың бірі – Ким Данна Викторовна. Ол Абай атындағы әмбебап кітапханада кітапханашы қызметіне орналасып, өз мамандығы бойынша кәсіби дамуын жалғастыруда. Данна Ким бұл жобаның жастар үшін үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Мен үшін «Жастарға жұмыс» жобасы үлкен мүмкіндік болды. Семей қаласында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы өз мамандығым бойынша жұмыс табуға мүмкіндік алдым. Бұл жобаның маңызы зор, себебі ол жастарға өз жолдарын тауып, кәсіби өсуіне ықпал етеді. Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге көптеген ұйым қатысып, әртүрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Мен осы шараның арқасында Абай облысының Семей қаласында орналасқан әмбебап кітапханасында кітапханашы болып жұмысқа қабылдандым. Бұл менің кәсіби дамуыма зор ықпал етуде және мен өз мамандығым бойынша жастарға білім беру ісіне өз үлесімді қосуды мақсат етіп отырмын», - деді Данна Ким.

Айта кетерлігі, «Жастарға жұмыс» жобасы – «AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жастарды жұмыспен қамту бойынша бірлескен іс-қимыл кешені.

«Жастарға  жұмыс» жобасын іске асыру аясында 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 150 мың жас қамтылды. Жұмыс берушілермен 5 мыңнан астам меморандумға қол қойылды. 

Еліміздің барлық өңірінде 200-ге жуық жәрмеңке өткізіліп, оған 5,2 мың ұйым қатысты. Нәтижесінде, 55 мыңнан астам адам жолдама алды.

Бұл іс-шара Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ облыстар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары