$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлым 12 жасында етеккір туралы сұрақ қойды – Роза коуч

Блогер ұлының сұрағына қалай жауап бергенін түсіндіріп берді

Ұлым 12 жасында етеккір туралы сұрақ қойды – Роза коуч
Фото: Видеодан скриншот

Атышулы танымал блогер Роза Әшірбаева ұлы 12 жасында қыз балалардың табиғатына тән етеккір туралы сұрақ қойғаны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер бұл мәселе жайлы «Мамский әңгіме» YouTube желісіндегі сұхбатында айтты.

«Жыныстық тәрбие бойынша ұлыма қатысты менің үлесім – етеккір туралы. Кішкентай балалар дөрекілеу ғой. Ойымда ешнәрсе жоқ, шай ішіп отырғанда ұлым келіп, сұрағын бетіме тіке қоя салды. «Мама, етеккір деген не?» деп сұрақ қойды. Ондай сұрақтың қоятынын білдім. Бірақ дәл осындай ерте болады деп ойлаған жоқпын. Ұлым ол кезде 12 жаста болатын. «О, қызық сұрақ екен. Отыра ғой, ұлым» дедім», - дейді блогер.

Ол сөзін жалғай отырып, сұрағына жауапты қалай қойғанын түсіндіріп берді.

«YouTube-та арнайы видеолар бар. Оның циклі қалай өтетіні көрсетілген. Бәрін анимациялық түрде көрсетіп, қан осыдан шығады дедім. Кейде мектепте, кейде үйірмеге барған кезде қыздардың киімдері былғанған болса, мазақтамайсың, күлмейсің. Тек көмектесесің. Дәретханаға алып барасың, түсіндіресің. Егер мазақтайтын болсаң, жазаңды беремін», - дейді Роза Әшірбаева.

Серіктес жаңалықтары