27.11.2024, 17:51
Жаңалықтар
«Әйелдің құны - 10 млн теңге»: сот Бишімбаевтың мойнына артқан моральдық шығынды өзгеріссіз қалдырды
Бүгін Астанада осы іс бойынша аппеляция өткен
Фото: Жоғарғы сот
Астананың қалалық соты Қуандық Бишімбаевтан Салтанат Нүкенованың ағасына өндірілетін моральдық шығынды өзгертпей, 10 млн теңге көлемінде қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін соттың аппеляциялық отырысы өтті.
«Астананың қалалық соты моральдық шығын ретінде 10 млн теңге төлеу туралы алдыңғы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл біздің елдегі әрбір әйел үшін өміріміздің құны 10 млн теңге екенін көрсетіп тұрғандай», - деп Нүкеновтердің адвокаты Жанна Оразбахова.
Осыған дейін сот Қуандық Бишімбаевты марқұм Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге материалдық және моральдық шығын ретінде
- қылмыстық іс бойынша шығыстар – 6,9 млн теңге (шамамен $14 мың)
- моральдық шығын – 10 миллион теңге (21 мың доллар) өтеу туралы шешім шығарған.
Айта кетейік, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды