27.11.2024, 08:06
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жолды 2024 жылғы 27 қараша сағат 14:00-де ашу жоспарланған
Фото: depositphotos.com
Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейінгі жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 27 қарашада сағат 08:00–да Ақтөбе облысында 89 км автожолда орналасқан теміржол өткеліндегі рельстерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты Қарабұтақ - Комсомольский - Денисовка - Рудный - Қостанай автожолының 83-198 шақырым аралығында (Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, жолды 2024 жылғы 27 қараша сағат 14:00-де ашу жоспарланған.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады