27.11.2024, 04:00
Жаңалықтар
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде екі бала лифт ішінде қамалып қалды
Балаларды ТЖМ құтқарушылары лифтіден шығарып алды
Фото: depositphotos.com
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде екі бала лифт ішінде қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 3-4 қабаттардың аралығында лифтіде екі бала қалып қойған.
«Шақыру орнына келген құтқарушылар «Фомка» әмбебап ломның көмегімен лифт есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Балалар ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды