22.11.2024, 12:52
Жаңалықтар
Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды
Оқиға Қарағанды қаласына жақын маңда болған
Фото: Видеодан скриншот
Қарағанды қаласына кірер тұста 22 қараша күні таңғы уақытта жол апаты болды. Жеңіл автомобиль жолаушылар автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні таңғы сағат 9:15-те Қарағандыдағы 15-ші магистральда болды. Салонында 30 адам болған «Ютонг» автобусы «Лада Приора» маркалы көлігімен соқтығысқан.
Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Жолаушы мен автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қалғандары зардап шеккен жоқ.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп жауап берді Қарағанды облысы ПД.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті