$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Елордада тұман күтіледі

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: depositphotos.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және орталық өңірлерде көктайғақ пен тұман күтіледі. Ал оңтүстік және батыстағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 20 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз көктайғақ күтіледі. Қарағанды қ.: 20 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде Ұлытау облысының орталығында, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жезқазған қ.: 20 қарашада түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Астана

Астана қ.: 20 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі

Қызылорда облысы

Түнде Қызылорда облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 20 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталықта, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 20 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: 20 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20 қарашада түнде және таңертең кей уақыттарда найзағай күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 21 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Тәулік бойы 21 қарашада бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 21 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Түркістан облысы

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 20 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. қ. Түркістан: 20 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары