$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда блогер моральдық өтемақы ретінде 850 мың теңге төлеуге міндеттелді

Ал блогер өзінің бейнесін әлеуметтік желіде заңсыз қолданғаны үшін 250 мың теңге өндіріп алды

Атырауда блогер моральдық өтемақы ретінде 850 мың теңге төлеуге міндеттелді
Фото: © istockphoto.com

Атыраудағы дүкен мен мейрамхана иелері жергілікті блогердің үстінен сотқа шағымданып, істі жеңіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, дау блогердің дүкенге келіп, тауарлардың сапасына көңілі толмауынан басталған. Блогер өз наразылығын дүкен иесіне айтып, олардың арасында жанжал туындаған. Тіпті әйелдер арасында төбелес те болған

Блогер бұл жағдайды видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеген. Ал дүкен иесінің қызы оқиға орнында камера қосып, видео жариялаған. Екі тарап арасындағы жанжал нәтижесінде іс сотқа дейін жетті. Сот шешімімен екі әйел де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дау тек дүкенмен шектелмей, мейрамхана иесі де блогерді сотқа берді. Белгілі болғандай, блогер осы мейрамханаға да барып, өтіп жатқан тойды тікелей эфирде жариялап, мекемеде кәмелетке толмаған жұмысшылардың бар екенін мәлімдеген.

Осы жағдайдан кейін той ұйымдастырушылары мерекелік кешті тоқтатып, әртістерді таратып, қонақтар үйлеріне қайтқан. Ал ренжіген қалыңдық пен күйеу жігіт банкет үшін ақы төлеуден бас тартқан.

Мейрамхана иесі блогердің әрекетіне қатысты моральдық зиян келтірді деп шағым түсірсе, блогер қарсы арыз беріп, дүкен иесінің қызы оны әлеуметтік желіде рұқсатсыз видеоға түсіріп, жариялады деп мәлімдеді.

Сот шешімімен блогерге дүкен мен мейрамхана иелеріне 850 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу және мейрамхана қызметкерлері туралы жалған ақпаратты әлеуметтік желілерде түзету міндеттелді.

Блогердің қарсы шағымы ішінара қанағаттандырылып, дүкен иелерінен 250 мың теңге моральдық өтемақы өндірілді. Бұл сома блогердің бейнесін әлеуметтік желіде заңсыз қолданғаны үшін төленеді.

Серіктес жаңалықтары