$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да адам өліміне себепкер болған жүргізуші 2 жылға сотталды

Айыпталушы аудандық соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді

БҚО-да адам өліміне себепкер болған жүргізуші 2 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында адам өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталмыш жүргізуші негізгі жолмен келе жатқан автобусқа жол бермеген. Салдарынан жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, жүргізушілер мен жолаушылар түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. 

Автобус жүргізушісі есін жимастан көз жұмды.

«Сот үкімімен А. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу) сәйкес айыпты деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған қоса 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Жол апатынан қаза тапқан жүргізушінің ұлының талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушыдан 2 млн 379,599 мың теңге материалдық залал және 5 млн теңге моральдық шығын өндірілді. Екінші жәбірленуші – ЖШС-ның талап арызын қанағаттандыру құқығын тану туралы мәселе азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарау үшін сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Айыпталушы аудандық соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

 Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары