15.11.2024, 09:47
Жаңалықтар
Өскеменде мектеп бухгалтерлері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Қазір осыған байланысты тергеу жүріп жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Олар алдын ала сөз байласу бойынша 120 миллион теңге сомасында топ болып, бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Тергеу мәліметтері бойынша, бухгалтерлер бес жыл бойы өздерінің шоттарына артық жалақы мен басқа да төлемдер аударып отырған.
Тергеу ісі жалғасып жатыр.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды