$ 493.85  519.04  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында итін өлтіріп, иесін ұрып-соққан үш адамға қатысты сот шешімі шықты

Үкім заңды күшіне енді

Жетісу облысында итін өлтіріп, иесін ұрып-соққан үш адамға қатысты сот шешімі шықты
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында итін өлтіріп, иесін ұрып-соққан үш адамға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және жануарларға қатыгездік таныту бойынша айыпталған 3 адамға қатысты қылмыстық іс Жетісу облысы Текелі қалалық сотында қаралды. Сот шешімімен К. есімді азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соттың мәліметінше, оқиға қыркүйек айында Текелі қаласында болған. Үш азамат ішімдік ішуге жиналған. Жолда тағы бір таныстарын кезіктіріп, қатарларына қосып алған. Дастархан басында өзара жанжал шығып, бір адам жарақат алады.

«Жанжалдан кейін К. және С. жәбірленушінің итін өлтіріп, оның етінен тамақ дайындамақ болған. Сол мақсатта олар итті ваннаға апарып өлтірген, бірақ оның етін пайдалану ойынан бас тартқан, себебі болған жағдайдан кейін өздерін жайсыз сезінген» - делінген хабарламада.

Жәбірленуші сотқа айыпталушылармен татуласуына және келтірілген зиянды өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап жүгінген. Ал, айыпталушылар істеген істеріне өкінетіндерін айтып, кінәларын толық мойындаған. Сот жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырып, ҚР ҚК 68-бабына сәйкес екі азаматқа қатысты істі тоқтатқанмен үшінші азаматқа кінәні жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, ҚР ҚК 108-бабының 1-бөлігі және 316-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары