$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ташкенттен Астанаға бағыт алған автобус бұзылып, жолда қалды

Автобус Қарағанды облысы аумағындағы тасжолда бұзылып қалды

Ташкенттен Астанаға бағыт алған автобус бұзылып, жолда қалды
Фото: Видеодан скриншот

Ташкенттен Астанаға бағыт алған жолаушылар автобусы Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы кезінде бұзылып, жолда қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолаушылардың құтқарылғанын облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауа райының күрт өзгеруі көптеген адамды жолда қалдырды. Ташкенттен Астанаға бара жатқан автобустың жолаушылары да күтпеген жерден жолда қалды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқиға Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылынан 10 шақырым жерде болды. Жол жиегінде тұрған автобусқа аудандық полиция қызметкерлері көмекке келді.

Олар жақын маңдағы елді мекенге 13 жолаушыны, сондай-ақ екі жүргізушіні эвакуациялады. Құтқарылған адамдарды тәртіп сақшылары ыстық тамақпен, уақытша жылы баспанамен қамтамасыз етті.

Серіктес жаңалықтары