29.10.2024, 23:38
Жаңалықтар
Шымкент полициясы заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғанын жоққа шығарды
Заңгер әрі блогердің ұсталғаны туралы ақпарат желіде тараған еді
Фото: instagram.com/aigulorynbek_kz
Желіде заңгер, блогер Айгүл Орынбектің ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда Шымкент қаласының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айгүл Орынбектің ұсталғаны жөніндегі ақпарат журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланған болатын.
Кейін Шымкент полициясы аталмыш жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
«Шымкент қаласының полиция департаменті Айгүл Орынбекті ұстамағанын хабарлаймыз»,- деп мәлім етті Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты