$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құны – 150 млн теңге: Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер қайтарылды

Алдағы уақытта 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін

Құны – 150 млн теңге: Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер қайтарылды
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерейментау ауданында пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізілуде.

«Биыл қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 млн теңгені құраған, жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайтын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңгені құрайтын ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары