$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ: еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше облыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіліп отыр

Қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ: еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: depositphotos.com

Ауа райының күрт құбылуына байланысты еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланып, құтқарушылар үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

«Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Алматы қ.: 28 қазанда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кешкі уақытта тұман. Қонаев қ.: 28 қазанда батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с», - делінген құтқарушылар хабарламасында.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 28 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 29 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28-29 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 28 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 28 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазған қ.: 28 қазанда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 28 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Қостанай қ.: 28 қазанда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 28 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары