23.10.2024, 15:09
Жаңалықтар
Маңғыстау облысының әкімдігі 40-қа жуық жетім баланы үй кезегіне қоймаған
Заңды бұзған қызметкер жазаланды
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысында 40-қа жуық жетім баланың үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңаөзен қаласында жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді.
Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды