«Кезекті партиясын дайындап жатқан»: Шымкентте синтетикалық есірткі өндіргендер ұсталды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Олар соттың санкциясымен қамауға алынды

«Кезекті партиясын дайындап жатқан»: Шымкентте синтетикалық есірткі өндіргендер ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте ірі көлемде синтетикалық есірткі жасағандар қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, осы жылдың қазанында Шымкентте прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.

«Есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

10 кг жуық дайын және 60 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.