19.10.2024, 15:17
Жаңалықтар
Алматыда шетелден келген сәлемдемеден есірткі заттары шықты
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: polisia.kz
Алматыда шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік полициясы қызметкерлері логистикалық компания филиалынан күдікті пошта сәлемдемесін анықтаған. Тексеру барысында сәлемдемеден 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылған.
Қала әуежайында сәлемдемені күтіп жүрген шетел азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті