Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жаяу жүргінші көз жұмды
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіден белгілі болды. Апаттың Текелі қаласында болғаны айтылды.
Аталған деректі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі растады.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Nissan Renessa көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол бойында тұрған Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік инерциямен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
«Полиция Текелі қаласындағы Пушкин көшесінде болған жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр. Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді. Құрметті жүргізушілер, рульге отырар алдында жақсы демалуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз», – деді полиция. Қазір күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде.