16.10.2024, 20:23
Жаңалықтар
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
Ертең бірнеше өңірде қар жаууы ықтимал
Фото: depositphotos.com
«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық жолдардағы ертеңгі ауа райы туралы мәліметті жариялап, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«17 қазанда Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Жамбыл, Жетісу, ШҚО және Абай облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар жаууы мүмкін», - делінген ведомство хабарламасында.
Сол себепті мамандар жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
Сонымен бірге 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды