ШҚО-да құсбегілер арасында халықаралық турнирдің жеңімпаздары марапатталды
Турнирге 90-нан астам құсбегі қатысты
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының «Бүркіт төбе» алаңында «Шығыс Салбұрыны» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев пен Берік Уәли сайыстың финалдық бәсекесін тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.
2 күнге созылған турнирге 30 шақты киіз үй тігіліп, 5000-нан астам көрермен келді, 90-нан астам құсбегілер қатысты.
«Шығыс салбұрыны-2024» халықаралық турнирінің жеңімпаздары:
Бүркіт құсы бойынша:
- Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы)
- Күнтуған Серікбек (Астана қаласы)
- Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы)
- Бердымурат Олжас (Алматы облысы)
Қаршыға құсы бойынша:
- Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
- Бәйетбай Ермухан (Алматы облысы)
- Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
- Жанбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)
Ителгі құсы бойынша:
- Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
- Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
- Төлегенұлы Темірлі
- Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)
«Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Бұл жарыс алды уақытта да жалғасын таба бермек. Тағы бір керемет жаңалық, қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайып қарындасымызға шығыс қазақстандықтардың атынан, Өңір басшысы Ермек Көшербаев Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады», - деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.