Франция мен Бельгияда «Кирк» дауылы тұрғындарды әбігерге салды
Дауыл салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, шамамен 70 мың үй жарықсыз қалды
Францияның Сена және Марна департаментінде су тасқыны қаупі әлі де қызыл деңгейде. Бельгияның Кувен қаласының орталығы су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Дауыл салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, шамамен 70 мың үй жарықсыз қалды. Францияның солтүстігінде жолдар мен ғимараттардың төменгі қабаттарын су басты. Сена және Марна аймағында алдағы күндері жаңбыр жауатыны болжанып, тасқын қаупі сақталып отыр.
«Кирк» дауылы Бельгияға да әсерін тигізді, әсіресе оңтүстік бөліктеріне. Кувен қаласында адамдар мен жануарларды армияның тікұшақтарымен эвакуациялауға мәжбүр болды.
Жергілікті билік өкілдері жағдайдың жақсара бастағанын, бірақ енді дауылдың зардаптарын жою жұмыстары басталғанын мәлімдеді.