Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Cиноптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, таңертең және түстен кейін оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшеюі күтіледі, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады.

Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, шөлді аудандарда, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.