Әйел адам күйеуімен ренжіскеннен кейін орманға кетіп, адасып кетті

Azattyq Rýhy

Құтқарушылар іздеу иттерін тартты, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақты пайдаланды

Әйел адам күйеуімен ренжіскеннен кейін орманға кетіп, адасып кетті
Фото: freepik.com

Қостанай облысында әйел адам күйеуімен ренжісіп қалғаннан кейін орманға кетіп, адасып кетті. Оны іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның егжей-тегжейін өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бүгін түнде Әулиекөл ауданы Бағаналы ауылының маңында құтқарушылар жоғалған әйелді іздеуге кірісті. Күйеуімен болған жанжалдан кейін 1981 жылғы әйел адам орманға кетіп, адасып кетті», – делінген хабарламада.

Жоғалған адамды ТЖД, полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер іздеді. Құтқарушылар іздеу иттерін тартты, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақты пайдаланды.

«Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты», – деп атап өтті ведомство.

Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет емес екендігі атап өтілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.