02.08.2024, 01:04
Жаңалықтар
Париж-2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіліс тапты
Шешуші кезеңнен соң қазылар Лаша Гурулиді жеңімпаз деп таныды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы турнирдің ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиден жеңіліп қалды.
Алғашқы раундта Базарбайұлы 5:0 есебімен алға шыққан. Алайда, төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен Гурулиге берді.
Шешуші кезеңнен соң қазылар 3:2 есебімен Лаша Гурулиді жеңімпаз деп таныды.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды