27.07.2024, 00:03
Жаңалықтар
Париж-2024: Қазақстан құрамасы Көк Туды алып шықты
Олимпиадаға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады
Фото: ҰОК/Сали Сабиров
Парижде 2024 жылғы жазғы олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр. Дәл қазір Сена өзенінің үстімен Қазақстан құрамасының спортшылары қайықпен жүзіп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылғы жазғы Олимпиаданың ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова Қазақстан құрамасының туын алып шықты.
Париж төрт жылда бір келетін спорт додасының ашылу салтанатын стадионда емес Сена өзенінің бойында өткізіп жатыр.
Айта кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы – Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады. Олардың қатарында 80 отандасымыз бар.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды