Қаныш Сәтпаевтің 125 жылдығына орай пойыз іске қосылды
Жаңа пойыз №65/66 «Астана-Жезқазған» бағыты бойынша жүреді
Астана қаласындағы Нұрлы жол бекетінен Қаныш Сәтпаевтің 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа пойыз №65/66 «Астана-Жезқазған» бағыты бойынша жүреді. Пойыздың сыртына ғалымның өмір сүрген жылы мен мерейтойлық портреті бейнеленді. «Қазақстан теміржолы» мен «Қазақмыс» компаниясы бірлесіп жүзеге асырған бұл шара – кең ауқымда қазақтың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған алғашқы жоба.
Жобаның негізгі мақсаты — ұлы ғалымның есімін мәңгі есте сақтау және оның ғылыми жетістіктеріне назар аудару.
Қаныш Сәтпаев Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болған. Оның басшылығымен өткен ғасырдың 40-шы жылдары Қазақстанда Жезді марганец рудаларының кен орны ашылып, іске қосылды.