22.07.2024, 07:14
Жаңалықтар
МАЭК кәсіпорнында ірі апат орнағаны туралы ақпарат жалған
Су қалыпты жағдайда шектеусіз беріледі
Фото: depositphotos.com
МАЭК кәсіпорнында ірі апат орнағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін Ақтау қаласының тұрғындары арасында WhatsApp желісі арқылы аудио хабарлама тараған болатын. Онда МАЭК кәсіпорнында ірі апат орнағаны, алдағы уақытта су қайта ажырауы мүмкін екендігі туралы айтылған.
«МАЭК» кәсіпорнында ешқандай апат болған жоқ. Су қалыпты жағдайда шектеусіз беріледі», - дейді энергокомбинаттың баспасөз қызметі.
Ал «Каспий жылу, су арнасы»МКК қазіргі уақытта ауыз су қысымының төмендеу себебін анықтауда.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы