$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысындағы ұшақ апаты: комиссия тексеру жүргізеді

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті

Ақмола облысындағы ұшақ апаты: комиссия тексеру жүргізеді
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Комиссия Ақмола облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауы туралы істі тергеумен айналысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның егжей-тегжейін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша,  оқиға 21 шілде, жексенбі күні сағат 18:54-те Жарқайың ауданында болған.

Тіркеу нөмірі UPA0141 болатын әуе кемесі «Бүркіт-Авиа» ЖШС-не тиесілі. Ан-2 техникалық ұшуды орындаған, бортында бір ұшқыш болды.

«Осы оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді Тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ Державинск маңында апатқа ұшырады, оқиға орнынан кадрларды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі жариялады. ТЖД мәліметінше, ұшқыш жанып жатқан Ан-2-ден өздігінен эвакуацияланған.

Серіктес жаңалықтары