14.07.2024, 22:40
Жаңалықтар
Ошта сел тасқыны бір отбасының төрт мүшесін алып кетті
Сонымен қатар 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды
Видеодан алынған кадр/ Қырғызстанның ТЖМ
Бүгін Ош қаласында Ақ-Буура өзені жағадан шықты. Салдарынан орталық базарды, Озгур және Толойкон ауылдарын су басты. «Борубай Ата» демалыс аймағынан азаматтар эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Толойкон ауылындағы «Мол-Бұлақ» демалыс орнында 4 адамды сел суы ағызып кеткені туралы ақпарат түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша олардың барлығы бір отбасының мүшелері: Д. Н. 1980 жылы туған (әйел адам), қыздары М. 2005 ж.т., М. 2014 ж.т., С. 2018 ж.т.
Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды