Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Елдің солтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауып дауыл тұрады, солтүстік-батыста, шығыста, елдің оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.