08.07.2024, 18:52
Жаңалықтар
Найзағай кезіндегі қауіпсіздік: ТЖМ сақтық шаралары туралы айтты
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын еске салды
Фото: istockphoto.com
Төтенше жағдайлар министрлігі найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар мынандай қауіпсіздік шараларын еске салды:
- найзағай кезінде ашық жерлерден аулақ болыңыз;
- жағадан алыстаңыз, өйткені су жақсы тоқ өткізгіш болып табылады;
- суда шомылуға және балық аулауға болмайды;
- темір заттарды алып тастау қажет;
- ұялы телефонды пайдаланбаңыз.
«Осы ережелерді сақтай отырып, Сіз өзіңізді жазатайым оқиғалардан қорғай аласыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз», - делінген құтқарушылар хабарламасында.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды