$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында 30 мыңнан астам адам тұратын ауылдарға сел қаупі төніп тұр

Бұл аймаққа баруға уақытша шектеулер енгізілді

Алматы облысында 30 мыңнан астам адам тұратын ауылдарға сел қаупі төніп тұр
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысындағы Түрген өзені бассейнінің мұздақ көлдерінде селдің болу қаупін болдырмас үшін су деңгейін төмендету бойынша алдын алу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың  екі тікұшағымен мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмыстарын жүзеге асырылды. Жұмыстарды «Қазселденқорғау» ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді.

«Екі күн ішінде олар сифон төсеу арқылы еріген мұздық суын айдау жұмыстарын да жүргізді.  Осылайша бүгін ұзындығы 300-ге жуық метр, өнімділігі секундына 110 литр болатын алғашқы сифон тізбегі іске қосылды.

Көлдердегі жұмыстар ауа райына байланысты жалғасатын болады (шамамен ағымдағы жылғы 16 шілдеге дейін). Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жедел жұмыстар адамдардың өміріне және объектілердің қирауына қауіп төндіретін сел тасқынының пайда болу қаупін болдырмауға бағытталған. Дайындық жұмыстары Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында Түрген өзенінің бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады. Қауіп-қатер аймағында 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері бар. Осыған байланысты мұздықтың және Түрген өзені бассейіні көлінің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылды.

«Қазселденқорғау» ММ бекеттері халықты уақтылы хабардар ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

«Бұл аймаққа баруға уақытша шектеулер енгізілді. Жаяу туристерді, автокөлік иелерін, жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдарды құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер!» - деп жазады министрлік.

Серіктес жаңалықтары