$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2020, 17:39
Жаңалықтар

Алматы облысында бір үйдің 6 адамынан коронавирус анықталды

Олар вирусты 80 жастағы қариядан жұқтырған

Алматы облысында бір үйдің 6 адамынан коронавирус анықталды

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың үлкені 1957 жылғы, кішісі небәрі 4 жастағы сәби. Бұл отбасы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында тұрады.

Белгілі болғандай, коронавируспен ең алдымен осы үйдің 1939 жылғы мүшесі ауырған. Қалған 6 адамның бәріне инфекция сол зейнеткерден жұққан. Қазіргі таңда отбасының барлық мүшесі Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

«COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың тағы біреуі Іле ауданында тіркелді. Талғар ауданының 1994 жылы туған тұрғыны диагнозы анықталғаннан кейін, Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Ол бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы 22 сәуір күнгі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62 адамға жетті. Олардың тек 9-ы ғана қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары