Астанада LRT құрылысын жүргізіп жатқан кран құлады

Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Астанада LRT құрылысын жүргізіп жатқан кран құлады
Фото: Астана әкімдігі

Елордада Керей-Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы LRT құрылыс алаңында кран құлап түсті. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«City Transportation Systems» мәліметінше, Қабанбай батыр даңғылы мен Керей Жәнібек хандар даңғылының қиылысында сағат 10:35-те арматураны көтеру кезінде бағыттама кран құлағанын мәлімдеді. Кран «Времена Года» тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында мердігердің, басшылықтың, СТS және полицияның жауапты қызметкерлері жүр.

Қазіргі уақытта оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығы келді.

«Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың алдын ала себебі – шамадан тыс жүктеме. Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр», - делінген өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.