$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-та торнадо салдарынан төрт адам қаза тапты

Оның біреуі – бала

АҚШ-та торнадо салдарынан төрт адам қаза тапты
Фото: CNN

АҚШ-тың Оклахома штатында кем дегенде төрт адам торнадо кезінде қаза тапты. Бұл туралы CNN жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оклахомада түнде торнадо салдарынан кем дегенде үш адам, оның ішінде бір бала қайтыс болды», - делінген телеарнаның хабарламасында.

Оклахома губернаторы Кевин Ститт Facebook-те жарияланған бейнехабарламасында төтенше жағдай режимін енгізу туралы мәлімдеді.

Бұған дейін 27 сәуірде АҚШ-тың ұлттық ауа райы қызметі Канзас, Миссури, Оклахома және Техас Штаттарына қатты торнадо түсетінін ескерткен.

Сол күні Айова штатында торнадо салдарынан төрт адам зардап шекті, 120-ға жуық үй мен кәсіпорын зақымдалды. Небраска штатының Омаха қаласында жеңіл жарақат алған екі адам медициналық көмекке жүгінді.

Серіктес жаңалықтары