24.04.2024, 10:13
Жаңалықтар
Қазақстанның төрт облысындағы автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 09:00-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.
«4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды