$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғыз Республикасында заңнамалық терминдердің орыс-қырғыз сөздігі шығарылады

Елде шенеуніктер мен депутаттар парламент пен министрліктер қабырғасында тек қырғыз тілінде сөйлеуге міндетті

Қырғыз Республикасында заңнамалық терминдердің орыс-қырғыз сөздігі шығарылады
Фото: Жогорку Кеңеш ресми телеграм арнасы

Қырғыз парламенті заңнамалық терминдерінің орыс-қырғыз сөздігін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kg-ге сілтеме жасап.

Ведомствоаралық жұмыс тобы төрағаның орынбасары Нұрланбек Азығалиевтің айтуынша, бастаманың мақсаты – заңдарда қолданылатын терминдерді түсіндіру.

Өткен жылдың жазында республикада мемлекеттік тіл туралы заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін орыс-қырғыз сөздігін құрастыру мәселесі туындады. Жаңа заң бойынша шенеуніктер мен депутаттар парламент пен министрліктер қабырғасында тек қырғыз тілінде сөйлеуге міндетті.

«Бүгінде көптеген жаңа халықаралық терминдер пайда болды. Олардың мағынасын әркім әрқалай түсініп, қолданады. Сондықтан елдің нормативтік құқықтық актілерін қолдану кезіндегі түсініспеушілікті жойып, оларды бірыңғай жүйеге келтіріп, мемлекеттік тілдің талаптарына сәйкес пайдалану үшін бастама көтеріліп отыр», - деді Нұрланбек Азығалиев.

Президент жанындағы Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Мелиса Мұратәлиевтің пікірінше, бұл мәселеге тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ назар аудару керек болған.

Сондай-ақ, елде құқықтық терминдердің түсіндірме сөздігін дайындау жоспарланып отыр. 

Серіктес жаңалықтары