$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Америкада «темір өкпелі» адам қайтыс болды

Пол 6 жасында полиомиелит салдарынан сал болып қалған

Америкада «темір өкпелі» адам қайтыс болды
Фото: All That's Interesting

АҚШ-та «темір өкпелі адам» атанып кеткен Пол Александр 78 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC жазуынша, ол саналы ғұмырын темір цилиндрдің ішінде жатып өткізді.

Пол 6 жасында полиомиелит сырқатына ұшырайды, соның әсерінен денесі түгелдей сал болып қалады. Дәрігерлер өздігінен демала алмаған баланы жасанды өкпе арқылы тыныстауға мүмкіндік беретін металл цилиндрге салады. Кейін ол аз уақытқа өзі тыныстай алатын дәрежеге жетеді, сондықтан темір цилиндрден анда-санда шығып тұратын.

Пол мектеп бітіріп, заңгер мамандығын игереді, адвокаттық қызметпен айналысады.

Полиомиелитпен ауырып, цилиндрге салынған адамдар көп өмір сүрмейтін. Бірақ Пол бірнеше ондаған жыл өмір сүрді. 1950 жылдары полиомиелитке қарсы вакцинаны ойлап табылып, дамыған елдерде бұл сырқаттан адамдарды құтқару мүмкін бола бастады.

1960 жылдары жасанды өкпе – темір цилиндрдің орнына механикалық желдету аппараттары пайда болды. Бірақ Пол цилиндрге үйреніп қалғандықтан, жаңа құралды пайдаланбаған.

Серіктес жаңалықтары