$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда мысыққа сірке қышқылын шашқан тұрғынға сот үкімі шықты

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Павлодарда мысыққа сірке қышқылын шашқан тұрғынға сот үкімі шықты
Фото: freepik.com

2024 жылы 5 наурызда Павлодар қаласының № 2 сотында мертігуге әкеліп соқтырған жануарға қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетсек, 2023 жылдың 23 қарашасында азамат К. интернеттен егер мысыққа сірке қышқылын шашсаңыз, сол орынды оның аяғы екінші рет баспайтынын оқиды. Осыдан кейін ол өз үйінің подъезіндегі үйсіз-күйсіз мысыққа қасақана сірке қышқылын шашқан. Салдарынан мысық мертіккен. 

Сотта сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен және ветеринарлық дәрігерлердің қорытындысымен дәлелденді.

«К. жасаған әрекет қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады және жазаның балама түрлерін қарастырады. Сот жеңілдететін мән-жайларды, яғни сотталушының кінәсін толықтай мойындауы, асырауында екі жас баласының болуын ескере отырып, К-ға 25 АЕК, яғни 86 250 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады», - делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары